ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Алматыда Оныншы салық конференциясы өтті
Мерейтойлық конференция тақырыбы: «Көлеңкелі экономикаға қарсы күресу»
13 қараша 2015 ж. - X салық конференциясы дәстүрлі түрде Республиканың салық жүйесінің даму мәселелерін сындарлы талқылау үшін мемлекеттік салық органдарының және бизнес өкілдерінің басын біріктірді. Конференция – Қазақстанның салық төлеушілері қауымдастығы үшін мерейтойлы болып табылады, оған 2015 жылы 10 жыл толды. Талқылаудың басты тақырыбына салықтық және кедендік әкімшілік мәселелері, сондай-ақ, көлеңкелі экономика мен жемқорлыққа қарсы күресу мәселелері айналды.
Осынау көлемді іс-шараға экономика және қаржы салаларының ең көрнекті өкілдері атсалысты – Қазақстанның салық төлеушілері қауымдастығының Басқарушы кеңесінің төрайымы Жәннат Ертілесова, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин, ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин, және басқалар.
Конференцияға қатысушылар елдегі жемқорлық жағдайына талдау жасап, жемқорлыққа, оның ішінде мемлекеттік кіріс органдары жүйесіндегі жемқорлыққа жол бермеуге және оны алдын алуға арналған шараларды ортаға салды, жемқорлыққа қарсы күресуде бизнестің атқаратын рөлі және де мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне төнетін қауіптерді тойтаруда салықтық және кедендік саясаттың ойнайтын рөлі туралы, сатылымға салынатын салық туралы сөз етті.
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажеттілігі және Қаржы министрлігінің көлеңкелі экономика мен жемқорлыққа қарсы күресу үшін іске асырып жатқан шаралардың маңыздылығы дау тудырмайды, дегенімен салық төлеушілер әкімшілікті оңтайландыру бойынша шығындарды салық төлеушілер мойнына жүктеуге болмайтындығын әділетті түрде айтып отыр. Атап айтқанда, банктердің POS-терминалдарды қамтамасыз етуінің құны мен шарттары, БКМ-онлайн және мемлекеттік органдардың талаптарын орындау үшін қажетті басқа да жабдықтардың құны, бизнес-қауымдастықтың пікірінше, салық төлеушілерге едәуір қымбатқа түседі және барлық кәсіпорындардың шамасынан келе бермейді.
ҚҚС бойынша есепке тіркелу үшін шекті мәннің төмендеуі, Қауымдастық пікірінше, қосымша талдауды талап етеді. Мысалы, қызметтерді ұсынумен айналысатын шағын бизнес субъектілерінің қызметіне осы жаңалыққа байланысты қауіп төнуі мүмкін, себебі, бұл секілді компаниялардың қызметіндегі ҚҚС бойынша есепке алу үлесі өте төмен және, соған сай, ҚҚС не сатушының мойнына жүктеледі (егер қызметтер бағасы өсірілмейтін болса), не бәсекелестік жағдайда оның қызметінің көлемін қысқартады (егер қызметтер құны өсірілетін болса).
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин осы бағытта жүргізіліп отырған жұмыс жайын баяндады. Нақты айтқанда, ол үдерістерді автоматтандыру мақсатында республикада қазыналық жадыға ие бақылау-кассалық машиналарының жүйесі іске қосылғанын және осы таңда ұрылған чектердің жалпы саны 319,7 млрд. теңге сомасындағы 103,7 млн. данаға жеткенін атап өтті.
Бүгінгі күні бақылау-кассалық машиналар (БКМ) тізіліміне сәйкес атқарыммен қамтылған БКМ-ның 17 жаңа үлгісі енгізілген, оған қосымша және 4 үлгі енгізілетін болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін республикаға 40 мың жаңа кассалық аппараттарды әкелу жоспарланған. Ұлттық экономика министрі Е. Досаев мырзаның бастамасымен 2016 жылдан бастап салық төлеушілерге POS-терминалдарды лизингке сатып алу мүмкіндігін ұсыну ұйғарылуда.
Сонымен қатар Конференцияда электронды шот-фактуралардың (ЭШФ) міндеттілігін енгізу жоспарына байланысты құжат айналымы жүйесін дамыту бойынша мәселелер де талқыға салынды.
2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда ерікті негізде электронды түрдегі шот-фактураларды (ЭШФ) жазғызып беру мүмкіндігі пайда болды. 10.11.2015 жылдағы жағдайға сай ЭШФ Ақпараттық жүйесінде 28 943 пайдаланушы тіркелген (ЖК – 4 784, ЗТ – 6 211, ЖТ – 17 948), олар 901 737 шот-фактура жазып берген.
Қазіргі таңда электронды түрдегі шот-фактуралардың міндетті көшірмесін енгізу жоспарлануда:
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап – уәкілетті экономикалық операторлармен;
2016 жылдың 1 шілдесінен бастап – кеден өкілдерімен, кеден тасымалдаушыларымен, уақытша сақтау қоймалары иелерімен, кеден қоймалары иелерімен;
ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап – барлық ҚҚС төлеушілермен.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті