
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
03.11.2015ж.
Төраға Дәулет Ерғожин Аустрияның Кеден-салық әкімшілігінің басшысы Ганс Георг Крамермен кездесуі туралы
баспасөз релизі
2015 жылғы 2 қарашада Астана қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мен Аустрияның Кеден-салық әкімшілігінің басшысы Ганс Георг Крамердің кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдары мен Аустрияның басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен, бір жағынан Еуропалық Одақ пен оған мүше мемлекеттер арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ұйымдасқан, экономикалық, қаржылық және трансұлттық, контрабанда және адам сату, заңсыз есірткі айналымы, заңсыз қару сату, ұрлау, алаяқтық, контрафакция, құжаттарды жасау және мемлекеттік, жеке сектордағы сыбайлас жемқорлық қылмыс қызметтерінің алдын-алу және оған қарсы күресу бойынша өзара құқықтық көмек көрсету үшін қолайлы алғышарттарды қалыптастырады.
Дәулет Ерғожиннің өтініші бойынша Крамер мырза Аустрияның Швейцариямен швейцариялық банктерде аустрия резиденттерінің декларацияланбаған активтерін анықтау мәселелері бойынша ақпараттық алмасу тәжірибесін ұсынуға келісімін берді.
Қорытындылай келе, әуе көлігімен тасымалданатын тауарлардың жеткізілуін бақылау мәселелері талқыланып, тараптар 2016 жылғы 1 тоқсанда Астана және Вена қалаларының әуежайлары арасында әріптестік қатынасты бекіту туралы құжатқа қол қоюға келісті.
Аустрия тарапының ұсынысы бойынша Аустрияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін жыл – 2017 жылы шекараларды басқару бойынша Орталық Азия елдері үшін Қазақстанда бірлескен семинарды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Өткізілген кездесу Қазақстан мен Аустрияның мемлекеттік кірістер әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың бастамасы болды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі