
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Назарбаев Халықаралық әуежайында шетел валютасында декларацияланбаған ақша қаражаты ұсталынғанын хабарлайды.
08.10.2019 ж. сағат 17:38-де Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайындағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Әуежай-Астана» кеден бекетінде Нұр-Сұлтан -Тбилиси бағытында халықаралық КС 119 әуерейсімен «жасыл дәліз» жүйесімен кедендік бақылаудан өтіп, ақшалай қаражаттың болуы туралы белгіленген нысан бойынша 23 900 АҚШ доллары сомасын мәлімдемеген 15.12.1976 ж.т. Кистауова Махаббат және түрде 21 600 АҚШ долларының және 36 000 ресей рублі сомаларын мәлімдемеген 06.03.1972 ж.т. Омарбеков Кайсар ҚР азаматтары ұсталды.
Осыған орай, ҚР азаматтары Омарбеков Кайсар мен Кистауова Махаббаттың іс қимылында ҚР ӘҚК 551 б.3 т. бойынша жауапкершілік бар әкімшіліктік құқықбұзушылық белгілері қарастырылады.