Жарияланған күні: 03.10.2017 14:00
Өзгертілген күні: 03.10.2017 14:03

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Орталық коммуникациялар қызметінде Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі (АСТАНА-1 АЖ) бойынша баспасөз- конференциясы өтті, аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин, сондай-ақ БҰҰ ЮНКТАД өкілі Дмитрий Годунов қатысты.

2017 жылдың 1 қазанынан бастап кедендік транзит шеңберінде Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі (АСТАНА-1 АС) іске қосылды.

Осы жүйе алдын ала ақпаратты берген сәттен бастап тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылауға дейін барлық кедендік процестерге автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Егер АСТАНА-1 АЖ-мен кедендік операцияларды жүргізуде қолда бар схемаларды салыстырса, онда басты ерекшелік болып: бірыңғай технологиялық платформадағы барлық процестерді интеграциялау, екі вариантта алдын ала ақпараттандыру, электрондық журналда уақытша сақтаудағы тауарлар есебі, алдын ала ақпараттандыру функциясын орындайтын электрондық құжаттарды иетеграциялау, келу құжаты, транзиттік декларация және уақытша сақтау құжаты, тәуекелді басқарудың заманауи механизмі, төлемдер есебін автоматизациялау, тауарларды қағазсыз декларациялау мүмкіндігі табылады.

Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі - АСТАНА-1, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ЮНКТАД көмегімен жүзеге асырылатын, кедендік технологиялар саласындағы барлық ең жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Комитет пен Үкімет басшылығының жобаны күшті саяси қолдауын, сондай-ақ, идеялары мен ұсыныстары АСТАНА-1 жүйесінде іске асырылған Қазақстандағы кедендік және ақпараттық технологиялар мамандарының жоғары кәсіби деңгейін Дмитрий Годунов атап өтті.

АСТАНА-1 АЖ рұқсат құжаттар бойынша автоматты тексеруге бапталған, бұл үшін біздер кезеңімен біздің ақпараттық жүйеге рұқсат құжаттарды беретін барлық мемлекеттік органдарды қосамыз.

Қысқа уақыт аралығында транзиттік шағын жүйе оң нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, транзитпен байланысты кедендік операцияларды жүргізу уақыты қысқартылды, жүйе шекарадағы кедендік рәсімдерді қадағалауға мүмкіндік беретін операциялардың ашықтығын көрсетті.

Жаңа жүйені енгізу тауардың шекарадан өтуіне оң әсерін тигізетіні туралы қорытынды жасауға болады, бұл өз кезегінде елдің транзиттік әлеуетін арттырады.

«АСТАНА-1» АЖ-ның толық көлемде іске асырылуы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ және Қазақстан Республикасы Кодексінің күшіне енуімен қатар орындалады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)