Жарияланған күні: 24.05.2016 11:54
Өзгертілген күні: 24.05.2016 11:56

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2016 жылғы 24 - 26 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – ОӘО) қашықтықтан оқыту нысанында «Салық төлеушілерді сауықтырудың қаржылай мүмкіншіліктері»  тақырыбында семинар өткізуде.

Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру шеңберінде өтуде және оңалту және банкроттық, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа механизмдерін ашудың ерекше өзектілігін білдіреді. «Қазақстан Республикасының кейібір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 100 қадамнан туратын Ұлт жоспары шеңберінде әзірленген. Осы Заңмен банкроттықтың алдын алуға және банкроттық процесс кезінде бизнесті сақтап қалуға бағытталған нормаларды енгізу қарастырылған. Түзетулерді іске асыру бизнесті, жұмыс орындарын, салық салынатын базаларды барынша сақтап қалуды қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.   

Оқыту барысында дәріскер, ҚР ҚМ МКК Салықтық бақылау департаменті Борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы С.А.Бапинова мынадай мәселелерді қарастыратын болады: оңалту рәсімдері, жеделдетілген  оңалту рәсімдері, төлем қабілетсіздігін реттеу, банкроттықтан оңалтуға көшу және т.б.

Ағымдағы жылғы 25 мамырда көрсетілген тақырып бойынша бейнеконференция өткізіледі. Семинарға қатысушылардың алдында негізгі дәріскер С.А.Бапинова сөз сөйлейді. Сұрақтарды талқылауға экономика ғылымының докторы, профессор, Еуразияның Халықаралық экономикақ академиясының академигі, Салық қызметінің 2-ші рангтің мемлекеттік кеңесшісі А.А. Нұрұмов қатысады.  

ОӘО қашықтықтан оқыту порталында ҚР аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тыңдаушыларына көрсетілген курс бойынша оқыту үшін электрондық оқу материалдары (лекция, слайдтар және т.б.) қолжетімді болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі