Жарияланған күні: 13.03.2020 09:19
Өзгертілген күні: 13.03.2020 09:20

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылғы 11 наурыз күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығында (ары қарай – ОӘО) Латын әліпбиіндегі жазу емлесін қолдана отырып мемелекеттік тіл күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - ОӘО қызметкерлерінің латын әліпбиін қолдана отырып әзірленген қазақ тілінің ережелерін оқып-үйренуі, грамматикалық және орфографиялық дағдыларды игеру.

Аталған іс-шараны ОӘО талдау жұмысы бөлімінің бас маманы Канапина Раухан жүргізді.

ОӘО қызметкерлеріне латын графикасының ерекшеліктері мен оны тәжірибеде қолданудың негізгі принциптері таныстырылымы ұсынылды. Алынған білімдері мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар оқу арқылы бекітілді. Сонымен қатар қызметкерлер назарына онлайн-режимде «Til-qazyna» ұлттық орталығының qazlatyn.kz сайтымен жұмыс көрсетілді.