Жарияланған күні: 16.02.2018 10:16
Өзгертілген күні: 16.02.2018 10:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық кеден зертханасының  (бұдан әрі - ОКЗ) Әдеп жөніндегі уәкілінің іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, ОКЗ Әдеп жөніндегі уәкілімен аталған мемлекеттік мекеменің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  2018 жылғы 10 қаңтардағы  халыққа жолдауының маңызды жақтарын талқылау жүргізілді.

Бұл Жолдау жаңа әлемде - Төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.  

Негізгі міндеттер: 

1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.     

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

7. Адами капитал – жаңғыру негізі.

8. Тиімді мемлекеттік басқару.  

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. 

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)