Жарияланған күні: 12.06.2020 17:20
Өзгертілген күні: 20.08.2020 16:20

2020 жылдың 9-11 маусым аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесіп "Онлайн бақылау кассалық машиналарды қолдану" тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - бақылау-касса машинаналарын қолданудың принциптерін, негіздерін, тәртібін түсіндіру.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бақылау-кассалық машиналарды қолдану бүгінгі күні түсіндіру сипатындағы жиі келіп түсетін сұрақтар арасында өзекті тақырыптардың бірі болып тұр.

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

         Дәріскер ретінде:

- Жусупов Санат Ахмадьяевич - ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы  қатысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

Семинарға тыңдаушы ретінде 191 МКО аймақтық қызметкерлер қатысты.