Жарияланған күні: 15.09.2016 19:09
Өзгертілген күні: 15.09.2016 19:11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Оңтустік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы пара алу күдігімен ұсталды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Е.К. Көкебаевтың қамауға алынғандығы туралы хабарлайды.

Ол Оңтустік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен пара алу күдігі бойынша бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеуге сәйкес жүргізілді.

Е. Көкебаев 1 млн. теңге мөлшерінде бір фирманың директорының орынбасарынан жүргізіліп жатқан хронометраждық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша оң нәтиже шығарылуы үшін пара алған деп күдіктенуде.

Көкебаев Шымкент қаласының ІІД УҚИ қамалды.

 

Анықтама үшін:

Ағымдағы жылдың басынан бері пара алу фактісі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының 21 қызметкерлерінің ішінен 18-і ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің бөлімшелерінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп жүзеге асырған жедел-тергеу шараларының нәтижесінде  әшкерленді.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі