
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
«Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында мемлекеттік кірістер органдарының Ұлы Отан соғысының ардагеріне баруы»
Бүкіл әлем тарихи, маңызды және жарқын мейрам - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін тойлауда. Жеңіс күні қазақстандықтардың барлық ұрпақтарын байланыстыратын жіпке, айбындылық, Отандық күш және атақ нышанына айналды.
Мемлекеттік мерекелер - Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында, және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық аппаратының жас қызметкерлері және мемлекеттік кірістер органдарының Ардагерлер қауымдастығының «Ардагер» партия ұйымының хатшысы Ұлы Отан соғысының ардагеріне барды. Комитет басшылығы және ҚР ҚМ МКК органдарының Ардагерлер қауымдастығы атынан ардагерге азық-түлік және ақшалай көмек табыс етілді.
Біздің бейбіт аспанымыз, бостандығымыз, Қазақстанның тәуелсіздігі мен гүлденуі үшін өмір сүріп, шайқасқандарға арналған мұндай қайырымдылық акциясын аумақтық МКД және мемлекеттік кірістер органдарының Ардагерлер қауымдастығы филиалдарының өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде өткізуде.
Ал біздің ардагерімізге ұзақ өмір, денсаулық, бақыт және бар жақсылықты тілейміз!
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)