Жарияланған күні: 10.01.2020 16:04
Өзгертілген күні: 13.01.2020 17:15

Қырғызстан Республикасынан Ресей Федерациясына 2019 жылы кері әкелінетін жүктерді талдау қорытындысы бойынша ҚР жалған резиденттерінің атына (зергерлік бұйымдар, валюта, халық тұтынатын тауарлар және т.б.) тауар әкелудің 3,5 мың фактісі анықталды, мұндай тауарлар бойынша айналым 12,5 млрд. теңгені құрады, импортқа ҚҚС төлемеу түріндегі шығын сомасы 1,5 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, РФ-дан ҚР-ға және кері қарай транзиттік тауарларды әкелу фактісі анықталды, олар ҚР аумағында қалды. Мұндай тауарлар бойынша айналым 8,2 млрд. теңгені құрады, импортқа ҚҚС төлемеу түріндегі залал сомасы 984 млн.теңгені құрады.

Осыған байланысты, 2019 жылдың қарашасынан бастап қытайлық тауарлар мен төмендетілген бағамен әкелінетін тауарларға қатысты бақылау күшейтілді.

Нәтижесінде 2019 жылғы 31 желтоқсанға қарай 517 автокөлік құралы тексерілді, оның ішінде 489 жағдайда (94%) тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтердің іс жүзінде өткізілетін тауармен сәйкессіздігі анықталды.

Мысалы, тасымалдаушы тауарларды өткізу кезінде жүк алушының екі мекен-жайын көрсете отырып, бір мезгілде 2 тауарға ілеспе құжатты ресімдеген, олардың біреуі Ресей Федерациясына ("Қарасу" АПП ұсынылған), екіншісі Қазақстан Республикасына.  Визуалды тексеру барысында орамдарда (теңдерде) Алматы қаласында тауар алушылардың байланыс деректері бар жазу бар.

Бұдан әрі, тасымалдаушы осы тауар бойынша ҚР-да импорт ретінде ресімделген тағы бір тауарға ілеспе құжатты (CMR) ұсынды.

Осылайша, тауарларды импорттау кезінде салық төлеуден жалтару мақсатында тасымалдаушы 2 ілеспе жүкқұжаттар құжаты (СМR) ресімдеді және ҚР аумағына АӨБ Қарасу арқылы кіру кезінде CMR-де тауарды алушы РФ деп таныстырды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 қазанынан бастап "Қарасу", "Жайсан", "Сырым" АӨБ, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша МКД навигациялық электрондық пломбаларды қолдану арқылы пилоттық жоба іске қосылды. (2020 жылдың ақпан айына дейін)

Пилоттың басынан бастап барлығы 612 пломба орнатылды, 548 – алынды, 64 – жолда (494 АТС), оның ішінде бір апта ішінде: 17 пломба орнатылды, 28 – алынды, 7 – жолда.

Анықталды:

- Пломбаларды ілгеннен кейін РФ мен Қырғызстанға транзиттен бас тартудың 24 фактісі;

- Бағыттан ауытқудың 7 фактісі.

Анықтама үшін: Алматы қ. – Барыс және өжет базарларында 2 АТС (ТНП және автокөлікке арналған май), Нұр-сұлтан Қ. – 2 АТС Шарын базарында (жаңа піскен алма мен алмұрт), Қарағанды – 1 АТС Шығыс базары (жаңа піскен алма мен алмұрт), Шымкент – 1 АТС, Ақтөбе – 1 АТС - Алматы базары (ТНП). Тасымалдаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 АТС бойынша 2,4 млн. теңге көлемінде импортқа ҚҚС өндірілді.

 

Қырғызстаннан келген тасымалдаушылар Ресей Федерациясының ілеспе құжаттарында жол жүрудің соңғы пункті ретінде мәлімдеген. Алайда, тауар (жаңа піскен алмұрт және алма) Нұр-сұлтан және Қарағанды қалаларының базарларында болды. Екі жағдайда да бір заңды тұлға жөнелтуші болды.

Мысалы,

Бірінші жағдай Нұр-сұлтан қ. "Шарын" базарында тіркелді. Навигациялық пломба мәлімделген бағыттан ауытқуы туралы сигнал берді – фура базар аумағында екі күн бойы қозғалыссыз тұрды, бұл туралы диспетчерлер МКК экспорттық бақылау басқармасына хабарлады. Белгілі болғандай, автокөлік базарға 2019 жылы 31 қазанында келді.

​            2019 ж. 3 қарашада транзиттік жүкті базар аумағында сату фактісі тіркелді. Бейнеден көрініп тұрғандай, навигациялық пломба тросын кесіп, тіркеменің есігі ашылды. Пломбаның өзі шанақтың темір сейфінде болды. Шекараның қиылысу кезінде машинада 19,3 тонна жеміс болды. Астанада базардан табылған кезде ол 10 тоннадан астам тауарды сатып үлгерді.  

​            Бұл туралы түсініктемені жүргізуші, бірнеше рет көлік және рефрежератор істен шыққан деп хабарлады. Бұл туралы ол тауар иесіне хабарлады. Өз кезегінде ол астаналық нарыққа шығып, тауар сатуды ұсынды. Қазіргі таңда Қарағандының тауар иесі Байқоңыр ауданы бойынша МКБ-не түсініктеме беру және ҚҚС сомасын төлеу үшін Нур-Султан қаласының МКД жіберіледі.

Транзитті бұзудың екінші жағдайы Қарағанды қаласының "Шығыс" базарында анықталды. Жүргізуші навигациялық пломба сервисінің диспетчеріне көліктің сынуы туралы хабарлады және осы тауардың тез бүлінуіне байланысты жеміс-жидектерді сату туралы шешім қабылдады. Осы мәселе Қарағанды облысы бойынша МКД қызметкерлерімен пысықталғаннан кейін базар әкімшілігі ҚҚС төлеу бойынша өзіне міндеттеме алды.

​Аталған екі жағдайда да Қырғыз Республикасынан бір заңды тұлға жөнелтуші болып табылғанын атап өту керек.  

РФ-дан Қырғыз Республикасына транзитке қатысты

Ақтөбе облысы бойынша МКД 10.11.2019 жылы "Сырым" өткізу пунктінде DAF маркалы көлік құралына пломбыланған навигациялық пломбаның үзілу фактісі анықталды.

Жүргізуші аталған пломбаны жұлып алып, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы "Достық" базарының ауданында тасымалданатын тауарды ЭББ қызметкерлері хабардар етпей алып, жол жүру маршрутының сызбасын өзгертті. Бұл тасымалданатын тауар тауар тауар-көліктік жүкқұжатқа сәйкес транзитпен Қырғыз Республикасына жіберілді. Бақылау қорытындысы бойынша ЕАЭО-дан импортқа 2,5 мың теңге ҚҚС бюджетке өндіріп алынды.

Шымкент қаласы бойынша МКД КАМАЗ автокөлігімен орнатылған, оны РФ-дан Қырғыз Республикасына "Камаз-ға қосалқы бөлшектен тасымалдаған, алайда Шымкент қаласындағы қоймада тұрған.  Бақылау қорытындысы бойынша ЕАЭО-дан импортқа 800 мың теңге ҚҚС бюджетке өндірілді.

Жалпы, аталған бұзушылықтар үшін жүргізушілер ӘҚБтК-нің 573-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Олар 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Анықтама: навигациялық пломбаларды қолдану кедендік рәсімдерді қосымша жеңілдетуге және тексеру және физикалық сүйемелдеу түрінде бақылаудың физикалық шараларын алып тастау есебінен бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.