Жарияланған күні: 23.09.2019 12:21
Өзгертілген күні: 23.09.2019 12:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

ОЙЫН АВТОМАТЫ БАР ЗАЛ ТАБЫЛДЫ

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тақырыптық тексеру барысында Қорғас ШЫХО сауда үйлерінің бірінен ойын залының қызметін жүзеге асыру фактісін анықталды.

 Салық органдарына тіркеусіз, ұтыссыз 49 ойын автоматы бар зал табылды.

         Сондай-ақ, рейд басында алкоголь өнімдерін лицензиясыз және ілеспе жүкқұжатсыз  4 181 268 теңге сомаға 273 бөтелке алкоголь өнімдерін, сондай-ақ 5 330 070 теңге сомаға 13 885 қорап (277 700 дана) мөлшерінде темекі өнімдерін сақтау және сату фактілері анықталды.

         Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша материалдар кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі мәселесін шешу үшін сот органдарына берілді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметі