Жарияланған күні: 28.04.2023 23:08
Өзгертілген күні: 28.04.2023 23:12

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін бекітуді көздейді.

Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органы бола отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Бұл құзырет «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 9-бабының 2-тармағымен белгіленген.