
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
«Патент құнының есеп-қисабы» 911.00 СЕН-ын электронды түрде тапсыруды тоқтата тұру қажет
Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!
Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, 2018 жылғы 20 –шы желтоқсаннан (18 сағ. 30 мин) 2018 жылғы 21 желтоқсанға (18 сағ. 30 мин) дейін ҚР ҚМ МКК-нің ақпараттық жүйелерінде программалық жабдықтамаларды жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, «Патент құнының есеп-қисабы» 911.00 СЕН-ын электронды түрде аталған мерзімде тапсыруды тоқтатуды сұраймыз.
Назарға аударамыз, «Патент құнының есеп-қисабы» 911.00 СЕН-ын тапсырған кезде, барлық бағаналарды толтыру қажет. Бағаның мағынасы болмаған кезде, нөл қою қажет.
Қателіктер хаттамасы бойынша қателіктерді жойылғаннан кейін, 911.00 салық есептілік нысанын тапсыруға мүмкіндігі бар.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)