Жарияланған күні: 30.06.2023 19:45
Өзгертілген күні: 30.06.2023 20:24

29 маусымда Полоцк қаласында (Беларусь Республикасы) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері Біріккен алқасының (ЕАЭО КҚБА) 42-ші отырысы өтті.

Отырысқа Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов қатысты.

КҚБА ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік әкімшілендіру мәселелерінде тәсілдерді біріздендіру үшін қажетті құқық қолдану практикасын қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың бірыңғай стратегиясы анықталды. Сондай-ақ экспорт кедендік рәсімімен орналастырған кезде фитосанитариялық сертификаттың қолдауын талап ететін карантинге жатқызылған өнімді кедендік бақылауға қатысты мәселелер, сондай-ақ отбасы мен жақын туыстары өткізген қолма-қол ақшаны кедендік декларациялаудың практикалық аспектілері қарастырылды.

Отырысқа Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей кеден қызметтерінің бірінші басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.

ЕАЭО КҚБА қызметінің негізгі бағыттары кеден ісі саласындағы басым бағыттарды айқындау, кеден заңнамасын жақындастыруға және үйлестіруге жәрдемдесу, кеден және басқа да мүдделі ұлттық қызметтер мен мемлекеттер ведомстволарының практикалық өзара іс-қимылын үйлестіру, кеден ісі саласында қабылданған мемлекетаралық және үкіметаралық шешімдерді іске асыруға ықпал ету болып табылады.