
2022 жылғы 16 – 18 наурыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Комитеттің Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментімен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Жеке тұлғаларды әкімшілендіру. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Алымдар мен төлемдер. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – «Жеке тұлғаларды әкімшілендіру. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Алымдар мен төлемдер» бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде Комитеттің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің қызметкерлері – Абышев Берік Жұмабайұлы, Байбатырова Альмира Советқызы, Сәрсенбаев Нұршат Бақытбекұлы сөз сөйледі.
Қатысушылар - «Жеке тұлғаларды әкімшілендіру. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Алымдар мен төлемдер» тақырыбы бойынша жұмыстың негіздерімен және ерекшеліктерімен танысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 196 қатысушы біліктілігін арттырды.