Жарияланған күні: 16.02.2018 10:21
Өзгертілген күні: 16.02.2018 10:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Республиканың барлық аумақтарынан «АСТАНА-1» АЖ-нің

40-тан астам пайдаланушылары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне кедендік рәсімдеудегі жаңашыл тәсілдері үшін алғыстарын білдірді

«АСТАНА-1» АЖ арқылы тауарларға арналған электронды декларацияларды тапсыру сыртқы экономикалық қатынастардың (СЭҚ) қатысушыларына экспорттың кедендік рәсімін оңтайландыруға және әкімшілік және уақыт шығындарын қысқартуға мүмкіндік берді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ендірілген «АСТАНА-1» АЖ-нің «Экспорт-10» кедендік рәсімі бойынша тауарларды ұсыну мен шығару бөлігіндегі «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі СЭҚ қатысушыларының кеден органдарының қызметкерлерімен тікелей байланысын жойды және кедендегі бизнес-процестерді автоматтандырды.

Осылайша, 2018 жылдың басынан бастап бір жарым ай ішінде республиканың барлық аумақтарынан «АСТАНА-1» АЖ-нің
40-тан астам пайдаланушылары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне «АСТАНА-1» АЖ-нің ендірілуімен байланысты кедендік рәсімдеудегі жаңашыл тәсілдері үшін алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бизнестің дамуына жағдайларды жақсартуға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оңтайландырылуына және біздің еліміздің экономикалық өркендеуіне бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)