
Әріптесімізге арналған естелік сөздер!
Құрметті әріптестер, 2020 жылдың 20 сәуірінде біздің бұрынғы әріптесіміз және досымыз Стрельцова Наталья Викторовнаны еске алайықшы.
Наталья Викторовна өмірде, ата-анасы - Виктор Александрович Гавриловтың және Анна Григориевна Гаврилованың ізімен жүрді – әкесі мен анасы 40 жылдан астам уақыт бойы Қазақ КСРО-ның және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, оның 25 жылын министрліктің орталық аппаратында қызмет еткен.
Наталья Викторовна еңбек жолын 1977 жылы Алматы қаласы Совет ауданы бойынша аудандық қаржы бөлімінің инспекторы болып бастаған. 1998 жылдан бастап салық қызметінде, 2014 жылдан бастап қайта құрылған мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2017 жылдың қараша айында Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы Наталья Викторовнаны құрметті демалысқа шығарып салды.
Наталья Викторовна өмір сүрген жылдарында үлкен жетістіктерге жетіп, құрметке ие болды, ол отбасында керемет ана және сүйікті әже бола білді, өзінің бар білімі мен күшін 39 жылдан астам уақыт бойы жұмысына арнады, өз саласының кәсіби маманы, көптеген жас мамандардың тәлімгері және ұжымының кеменгер басшысы болды және құрметке лайықты өмір сүрді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы