Жарияланған күні: 05.07.2019 17:31
Өзгертілген күні: 05.07.2019 17:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ МАРАТ ӘБДІҰЛЫ ОМАРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

2019 жылғы 4 шілде күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, АҚШ Дүниежүзілік композиторлар ассоциациясының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Достық Орденінің иегері (АҚШ БҰҰ), продюсер, әнші-композитор және профессор  Марат Әбдіұлы Омаровпен кездесу кеші болып өтті. 
         Кеш барысында Марат Әбдіұлы өзінің өмір жолы, өнерге қалай келгендігі, шығармашылығы мен жетістіктері және қазіргі таңда жүргізіп жатқан жұмыстары мен шәкірт тәрбиелеудегі ерекшеліктері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, «Анашым», «Әкешім», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала - Астана» секілді туындыларының шығу тарихына тоқталып өтті.

Кеш соңында Марат Омаров халық арасында танымал болған авторлық әндерінен бірнеше ән шырқап, жырдан шашу шашып, тыңдарман қауымды өнерімен тағы да бір тәнті етті.

Залда отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлері әнші-композитор ағамызға ризашылығын білдіріп, естелік суретке түсті.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)