
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
Салық есептілігін тапсыру мерзімдері туралы
2019 жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, келесі салықтық есептілігін табыс ету керек екендігін еске саламыз:
- 2018 жылдың 2 жартыжылдығына арналған 910.00 нысаны бойынша шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны;
- 2018 жылдың 4 тоқсаны үшін 200.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны;
- 2018 жылдың 4 тоқсаны үшін 300.00 нысаны бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны;
- 2019 жылға арналған 701.01 нысаны бойынша мүлік салығы мен жер салығының есеп-қисабы:
- 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойнша салық міндеттемелері бойынша;
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 ақпан айына дейінгі салық міндеттемелеріне өзгерістер еңгізілген кезде;
- 2018 жылдың 4 тоқсанына табысталатын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақысының 870.00 нысаны.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)