
2023 жылғы 16 наурызда Салық әкімшіліктерінің ынтымақтастығы бойынша «Бір белдеу – бір жол» бастамасының онлайн кездесуі өтті.
Бұл кездесу қатысушыларды BRITACOM-ң жетістіктерімен таныстыруға арналған.
BRITACOM дөңгелек үстелінің отырысы үш сессиядан тұрды: «Бір белдеу – бір жол» бастамасы (BRITACOF) салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықтың төртінші форумына дайындық туралы брифинг; BRITACEG 1.0 нұсқасының оқу бағдарламасын таныстыру сессиясы және талқылау; және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы (BRITJ) салық журналы редакциялық-консультативтік кеңесінің отырысы.
ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының бас маманы – Башаева Камила Асқарқызы сөз сөйледі,
Отырыстың қорытындысы бойынша мүдделі тараптарды жұмыстың ағымдағы барысы туралы хабардар етуге, байланысты нығайтуға және тиісті тараптар арасындағы талқылауға ықпал етуге, сондай-ақ BRITACOM дамыту жөнінде ұсыныстар беруге мүмкіндік берді.