
2022 жылғы 27 желтоқсанда "Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымшасында SSL-сертификатын жаңарту бойынша жыл сайынғы жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Жаңартуға байланысты салық төлеушілерде авторизация кезінде қорғалмаған қосылу туралы хабарлау терезесі шықты. Бүгінгі күні SSL-сертификатын ауыстыру бойынша барлық жұмыстар аяқталды. Салық төлеушінің кабинеті штаттық режимде жұмыс істейді.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!