Жарияланған күні: 28.02.2022 10:07
Өзгертілген күні: 28.02.2022 10:09

2022 жылғы 21 - 23 ақпан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Тәуекел-менеджмент басқармасымен бірлесіп «Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі ТБЖ» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – кеден және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу үшін қызметтің неғұрлым маңызды және басым бағыттарына ресурстарын оңтайлы бөлуге негізделген іріктемелік қағидатты негізге ала отырып, кедендік және салықтық бақылауды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

22 ақпан күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланыс арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ҚР ҚМ МКК ОӘО басшысының орынбасары Касымкулова Лаззат Турдакыновна модератор жұмысын атқарды.

Дәріскерлер ретінде:

- Айдарбеков Ельдар Кайратович – ҚР ҚМ МКК Тәуекел-менеджмент басқармасының бас маманы;

- Хамитов Чингиз Дауренович – ҚР ҚМ МКК Тәуекел-менеджмент басқармасының бас маманы

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 174 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.