
«Салық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасы тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар анықталған кезде, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдеу бөлігінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 96-бабына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=1948651&type=2) 2023 жылдың 24 қазанында орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды жүргізу мерзімі – 2023 жылдың 8 қарашасына дейін.