
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
9 қазан 2019 ж. Семей қ.
СЕМЕЙДЕ БАСҚА ЕЛДІҢ АКЦИЗДІК ТАҢБАЛАРЫ БАР ТЕМЕКІ МЕН САПАСЫЗ ІШІМДІК САТЫЛЫП КЕЛГЕН
Заңсыз тауарды бүгін Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері анықтады. Шугаев көшесінде орналасқан дүкенде Қырғыз Республикасының акциздік таңбаларымен және акциздік таңбалары жоқ жалпы 1 180 қорап темекі өнімдерін сату үшін сақтағандығы анықтады
Сонымен қатар, осы дүкен қоймасынан 5 литрлік пластикалық бөтелкеде құрамында адкогольі бар сұйықтық табылды, жалпы көлемі 350 литрді құрайтын 70 пластикалық бөтелкеде.
Аталған факті бойынша айыпты адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)