
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас сарапшысы Райхан Қапсалямқызы Шәріпованы зейнеткерлікке шығуымен құттықтайды.
Райхан Қапсалямқызының еңбек жолы 1980 жылы Жарсуат кеңшарының «Сұңқар» комсомол-жастар бригадасының бригадирі болып жұмыс істеуден басталды.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР ҚМ Кадр және ұйымдастыру жұмыстары департаменті ақпараттық жүйелер бөлімінің бас маманы, сондай-ақ Кадр және ұйымдастыру жұмысы департаменті Хатшылығының БАҚ-пен байланыс бөлімінің бас маманы болып бастады. 2006 жылы Қаржы министрінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ Салық комитетінде және Мемлекеттік кірістер комитетінде жұмыс істеді.
Райхан Қапсалямқызы ұзақ еңбек жолында өзін сауатты маман және өз саласының кәсіби маманы ретінде көрсете білді. Мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосты
Еңбектегі жоғары жетістіктері үшін адал және мінсіз еңбегі үшін Райхан Қапсалямқызы «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерейтойлық медалiмен, сондай-ақ «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен және бірнеше рет ҚР Қаржы министрінің және ҚР ҚМ МКК Төрағасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Өз жұмысына деген адалдығы, жоғары біліктілігі, жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігі үшін Райхан Қапсалямқызы әріптестерінің ғана емес, қызмет барысында кездескен басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды.
Райхан Қапсалямқызының еңбегін қорытындылай келе, тағдыр оған үлкен еңбек өмірбаянын бергенін сеніммен айта аламыз.
Зейнет демалысы да жұмысын тоқтатқан жоқ, Райхан Қапсалямқызы ел игілігі үшін еңбек етуді жоспарлап отыр.
Құрметті Райхан Қапсалямқызы, зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз.
Барлық армандарыңыз орындалсын! Әр күніңіз қызықты және сәтті өтсін.
Барлық жоспарларыңыз орындалып, барлық үміттеріңіздің ақталуын тілейміз!
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы.