Жарияланған күні: 06.06.2017 12:17
Өзгертілген күні: 06.06.2017 12:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Сканерлеу құрылғылары және рентген-телевизиондық құрылғылардағы кескіндерді анализдеу жұмысы туралы оқыту»

2017 жылдың 29 мамыр мен 2 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығында 2017 жылы сәуірдің 14 мен 20 аралығында қашықтықтан тестілеу өткен МКД өңірлік органдары үшін «Сканерлеу құрылғылары және рентген-телевизиондық құрылғылардағы кескіндерді анализдеу жұмысы туралы оқыту» атты оқу курсы өткізілді. (ОҚО-5, ШҚО-1, Алматы-2, Алматы облысы-1, Маңғыстау обл.,-1,Қостанай обл-2 .,  Қарағанды обл-1.)

"Simfox" бағдарламалық өніммен РТҚ операторларын даярлау курстарын өткізу үшін Алматы қаласы және МКД облыстары бойынша алдын ала қашықтықтан тестілеуден өтуге 259 қызметкер қатыстырылды.

Курстың мақсаты ҚР ҚМ МКК қызметкерлерін сканерлеу құрылғыларымен жұмыс істеуін үйрету, қауіпті және рұқсат етілмеген заттарды табу дағдыларын “Simfox” симулятор бағдарламасы арқылы  жақсарту және “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы ақпарат беру.

Оқу ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның оқытушылары Л.Касымкулова, Г.Асилова, С.Алдашев, Е.Ктанов, Д.Айтжанов және Д.Жорабаев өткізді.

Курстың аяқталу барысында тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғының практикалық дағдыларын игерді. Шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең маңызды дағдылар – ол кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тиым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында жүк тауарларын сұрыптай білу қабілеті.

Курс тыңдаушыларының аталған дағдыларды игеруі үшін, мынандай критериялар бойынша тестілеу жүргізілді, олар:

- геометриялық бейнелерді анықтау;

- оверлілік қиындық;

- көру бұрышын өзгерту;

- жүктің әртүрлілігіне байланысты қиындық.

Семинар қатысушылары практикалық қызметіне қажетті білімді игерді және жұмыс барысында пайдалануға дайын.

Курс соңында ҚР ҚМ МКК МКД 13 қызметкері сертификаттармен  марапатталды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)