
Ағымдағы жылдың 25-29 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығында (бұдан әрі - ОӘО) аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттерінің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері қатысқан, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді.
Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру, бұл жабдық пен экипаждың біріктірілген жүйесі болып табылады және РТУ операторлары ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүргізеді.
Курстың мақсаты: сканерлеу жабдығын пайдалану, “Simfox” тренажер бағдарламасының көмегімен қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар рентген – телевизиялық қондырғыларды сипаттау және пайдалану.
Курстың алғашқы күні ОӘО – ның басшы орынбасары Касымкулова Л.Т. курсқа қатысушыларды тіркеу және ашылуымен бастады. Ол қатысушыларды “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” рентген – телевизиялық қондырғылардың негізгі ұғымдарымен таныстырды.
Оқу барысында түрлі бұрыштарда ұсынылған қауіпті заттарды тануды жақсарту мақсатында, көзге арналған түрлі тапсырмалар қолданылды. Бірінші күннің соңында, Цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімі қатысушылардың оқу нәтижелерін болжау және білім деңгейін анықтау үшін алдын – ала тестілеу өткізді.
Келесі күндері ықтимал қауіпті жолаушыларды анықтау арқылы заңсыз әрекеттердің алдын – алу және анықтау әдістерін профильдеу, сондай – ақ жарылғыш заттарды, қару – жарақ пен оқ – дәрілерді анықтау және іздеу бойынша практикалық жаттығулар, тыйым салынған заттар мен контрабандалық тауарларды алып өту әрекеттерінің жолын кесу тақырыптарына дәріс өткізілді.
Сабақта «Есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарына арналған интерактивті компьютерлік білім беру бағдарламасы» (TADOC) пысықталды. Бұл бағдарламалық қамтамассыз ету мемлекеттік кірістер қызметкерлерін келесі бағыттар бойынша оқытуға мүмкіндік берді:
1. Автокөлік құралдарын тексеру;
2. Контейнерлерді тексеру;
3. Жеке тұлғаларды тексеру;
4. Әуе көлігін тексеру;
5. Сауалнама.
Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды (граната, синтетикалық есірткі, пышақ, қолдан жасалған жарылғыш заттар) анықтауға арналған, көру арқылы есте сақтау тапсырмаларын орындады.
Курстың төртінші күні қатысушылар «Әуежай-Астана» кеден бекетінде практикалық оқудан өтті. Оқуға қатысушылар кедендік бақылаудың «Rapiscan» атты техникалық құралы арқылы алған білімдерін көрсетті.
Практикалық сабақта Нұр-Сұлтан – Стамбұл бағыты бойынша ұшатын рейс жолаушыларының багажы мен қол жүгінің рентген суреттерін, сондай-ақ демонстрациялық үлгілерді (муляж), есірткі, тыйым салынған, жарылғыш заттар, түрлі елдің валюталарын, зергерлік бұйымдарды (түрлі сынамадағы алтын, күміс) және гауһарларды зерделеуден өткізді.
Білім алушылар оқу нәтижесінде алған білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті, жарылғыш заттарды нақты анықтай алды.
Курс екі бөлімнен тұратын тестілеу түріндегі қорытынды емтиханмен аяқталды:
- «Trefox» бағдарламасы бойынша – теориялық бөлім (48 сұрақ);
- «Simfox» бағдарламалық өнім арқылы – практикалық бөлім (25 сөмке);
Оқыту іс – шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО – ның қызметкерлері:
- Касымкулова Л.Т. – ОӘО басшысының орынбасары;
- Ктанов Е.С. - персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы.
- Ислямова Ж.М. - Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлық бөлімі басшысының м.а.
Оқу жоспарының орындалуы кестеге сәйкес үзіліссіз жүзеге асырылды.
Арнайы курс аяқталған соң жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау барысында, қатысушылар курсты ұйымдастырғандар мен оқытушылардың кәсібилігін жоғары бағалады.