Жарияланған күні: 04.02.2020 10:39
Өзгертілген күні: 04.02.2020 10:54

Ағымдағы жылдың 27-31 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығында (бұдан әрі - ОӘО) Мемлекеттік кірістер департаментінің  рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері қатысқан,

 «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді.

            Курстың мақсаты ҚР ҚМ МКК қызметкерлерін сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға оқыту, «Simfox» симуляторы бағдарламасын қолдану арқылы қауіпті және тыйым салынған  заттарды табу, дағдыларын жақсарту және білімдерін жетілдіру болып табылады, сондай-ақ «Rapiscan», «Rapiscan DV», «Smith-Heimann» және «Heimann-container» атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы негізгі түсініктерімен танысты.

            Сонымен қатар қызметкерлерге «Профайлинг» курсы өткізілді. Қатысушылар жолаушыларды тасымалдау барысында заңсыз әрекеттерді алдын алу үшін, қауіпті ықтимал жағдайындағы жолаушыларды анықтау арқылы, заңсыз әрекеттерді болдырмау және анықтау мақсатында профильдеу әдістерімен танысты.

            Қатысушылар рентген-телевизиондық қондырғыларының негізгі ұғымымен танысты, радиацианың негізгі түсініктері, радиацианың және радиациялық бақылау түрлерін қарастырды. Тәжірибиелік мақсатта рентген қондырғылары жүкті және

тауарды тексеруге, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және іздестіру мәселелерін шешуге, контрабандалық товарлар, автокөліктер және есірткі заттарды заңсыз тасымалдау әрекеттерін тоқтатуға қолданылады.

Негізгі курс бағдарламасына "Есірткіні бақылау бойынша құқық қорғау қызметі саласында интерактивті компьютерлендірілген оқыту бағдарламасын" оқыту бойынша "TADOC" бағдарламалық қамтамасыз ету сағаты қосылды. Бұл бағдарламалық қамтамасыз ету мемлекеттік кіріс қызметкерлерін келесі бағыт бойынша оқытуға мүмкіндік береді: 

- "Тексеру әдістері:

1.Автокөлікті тексеру әдістері;

2.Контейнерлерді тексеру әдістері;

3.Жеке тұлғаларды тексеру әдістері;

4. Әуе көлігін тексеру әдістері;»

- "Бақыланатын жеткізілімдер»;

1. Бақыланатын жеткізілімдер түсінігі;

2. Бақыланатын жеткізуді жоспарлау және жүзеге асыру.

            Осы курстың дәріскерлері ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның қызметкерлері  -  Биекенов С.К.,  Қасымқұлова Л.Т., Абдреимова М.Р., Ктанов Е.С., Малдыбаева З.А. болып табылды.

Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу дағдыларын меңгерді.

Арнайы оқу курсы белсенді түрде, барлық қатысушылардың арасында талқылау, пікірталас және конструктивтік диалог құру арқылы өтті.

Курс соңында оқуды тыңдаған қызметкерлерге сертификаттар табысталды.