Жарияланған күні: 28.02.2023 14:58
Өзгертілген күні: 28.02.2023 15:00

 

Сот банкроттығы, азаматтар қырызы 1600 АЕК – тен астам (2023 жылы - 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады.

Сот банкроттығы кезінде борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.

Бірақ мұнда да өзінің нюанстары бар. Кредитор борышкердің жалғыз тұрғын үйін сот банкроттығы барысында ол кепіл нысанасы болған жағдайда ғана алып қоюға құқылы.

Түскен қаражат белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі.

Борыштың қалған өтелмеген сомасы борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады. Яғни, ол мүлікті, ол туралы ақпаратты жасырмауы және жалған мәліметтер бермеуі керек.

Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян бойынша қарыздар, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығарылмайды.

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына:

  • Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң кеңесшілері;
  • Аудиторлар кіреді.

Олардың қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен — айына бір ең төменгі жалақы (2023 жылы бұл 70 мың теңге).

Мүлкі жоқ әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.