
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен ««Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру үшін әзірленген және «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды
Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 25 қаңтарында орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 8 ақпанына дейін.