Жарияланған күні: 17.05.2023 10:49
Өзгертілген күні: 17.05.2023 10:50

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы                       18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы №461 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы       18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында «Жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін өзге де түсімдер» 105330 КБК алып тасталды.

106112 КБК атауы мынадай редакцияда жазылды:

«Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданысы бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу және бөлу тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім күшіне енгенге дейін төлеу жөніндегі міндеті туындаған әкелінетін тауарларға және (немесе) әкелінетін кедендік баждарға арналған кедендік баждар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасасқан, кедендік әкелу баждарын босату және (немесе) өтеу көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша әкелінетін тауарларға кедендік баждар».

Жоғарыда көрсетілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (ЭКБ-да 10.05.2023 ж. жарияланған).

Осыған байланысты, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, оның ішінде 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған өнімді бөлу туралы келісімдерді іске асыру шеңберінде тауарларды әкелу кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын, жоғарыда көрсетілген бұйрық күшіне енгеннен кейін 106112 БСК-ға төлеу қажеттігі туралы хабарлаймыз.

Барлық туындаған мәселелер бойынша СЭҚҚ тіркелген жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуді ұсынамыз.