
««Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Салық кодексінің 142-бабының 1-тармағының 17) тармақшасымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Өз кезегінде, Салық кодексінің 142-бабының 1-тармағының 17) тармақшасында акциз маркалары термині сәйкестендіру құрылғыларына өзгертілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/ view?id=13969138).