Жарияланған күні: 16.11.2023 18:54
Өзгертілген күні: 17.11.2023 16:20

Құрметті ҚР ҚМ МКК АЖ пайдаланушылары!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) 2023 жылғы 19 қарашада сағат 21:00-ден 2023 жылғы 20 қарашада 02:00-ге дейін Астана қ.уақыты бойынша Комитетте Комитеттің желілік жабдықтарында техникалық жұмыстар жүргізілетінін сіздің назарыңызға жеткізеді.

Осыған байланысты, көрсетілген уақытта кеден бағыты бойынша «ЭҮШ» және «ЭҮТШ» арқылы сыртқы интеграциялар (басқа елдермен интеграциялар) қолжетімсіз болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.