Жарияланған күні: 27.01.2023 19:17
Өзгертілген күні: 27.01.2023 19:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және 29-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді, ол төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысанын оны жасауға қойылатын негізгі талаптарды, оның ішінде алынатын кірістер мен ағымдағы шығыстарды, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кестесін ескере отырып, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген қаржылық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шараларды көрсете отырып айқындайды.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 25 қаңтарында орналастырылған.