
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Төмен жалақы алатын жеке тұлғалардың салық ауыртпашылығы барынша жеңілдетілген
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, Салық кодексімен жұмыскердің 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен (бұдан әрі – 25 АЕК) аспайтын кірісінен 90 пайыз мөлшеріндегі түзетуді қолдану белгіленген.
Осылайша, 2019 жылдан бастап, егер жұмыскердің кірісі 25 АЕК (2019 жылы – 63 125 теңге) аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзету қолданылатын болады.
Егер жеке тұлға еңбек қызметін бірнеше жұмыс берушіде жүзеге асырған жағдайда және әрбір жағдайда жұмыскердің есептелген кірісі 25АЕК аспаса, онда жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшеріндегі түзетуді әрбір жұмыс беруші қолданатын болады.
Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 1,5 есеге (42 500 теңге) өскенін ескерсек, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау барысында қолданылатын 1 ЕТЖ түріндегі салық шегерімінің мөлшері де сәйкесінше өседі.
Аталған өзгерістердің барлығы төмен жалақы алатын жеке тұлғалардың салық ауыртпашылығын барынша жеңілдетіп отыр.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)