Жарияланған күні: 23.02.2023 11:39
Өзгертілген күні: 23.02.2023 11:41

2023 жылы 20 ақпан күні Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел ақпарат бойынша Алматы-Самара тас жолында  DAF маркалы автокөлік құралы тоқтатылды.

Тауарға ілеспе жүкқұжаттарына сәйкес, автокөлік құралы Алматы-Москва бағында бара жатқан.

Нәтижесінде аталған  автокөлік құралынан акциздік марка немесе QR-кодсыз және тиісті құжаттарсыз тасымалданған темекі өнімдері (әртүрлі ассортиментте) анықталды.

Ұсталған темекі өнімдерінің жалпы саны 353 кейс, әр кейістің ішінде 500 қорап, барлығы 176 500 қорап бар екендігі мәлім болды. Қазіргі таңда ҚР заңдары бойынша қылмыстық іс қозғау шаралары жүргізілуде.

Жедел түсірілім видеосына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=FNGtwqnsC6c