
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті
Оқу-әдістемелік орталығының басшысы
Шалабаев Байдұлда Жақпекұлы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауымен әдеттегідей саяси таңдаулы топпен үлкен залда емес, жетекші телеарналардың эфирі арқылы хабардар болды.
Ертеңгі күнімізге сенімділік ұялататын аталмыш Жолдау жария етілген соң толық нұсқасы бірден басып шығарылды, себебі алға қойылған мақсаттардың орындалуы республика халқының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Біз бұл Жолдаудың көпұлтты еліміздің барлық халық өкілдері тарапынан қолдау тапқандығына сенімдіміз. Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – республиканың әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға. Осы жолдаудан әрбір азамат өз бағытын айқындайды.
Жолдауда еліміздің 25 жылдық даму кезеңі қысқаша баяндалған.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеуге орай Қазақ елінің жетістіктері атап көрсетілген. Бұл жетістіктер көпшілікке мәлім және әлемдік қауымдастықтар оны өте жоғары бағалайды. 2017 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесіне айналды. Қазіргі таңда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі басталу сәтінде тұр. Біз ТМД және Орталық Азия елдері арасында ең алғашқы болып әлемдік деңгейдегі мұндай маңызды іс-шара өткізудеміз. Алматы қаласында 57 елдің делегация мүшелері мен 2000 спортшы қатысқан Универсиада-2017 шеңберінде спорттық бәсеке болып өтті.
Бұның бәрі дұрыс таңдалған саяси жолы мен Қазақстанның әлемдік аренада жоғарғы беделінің нәтижесі болып табылады. Біз өз елімізді мақтан тұтамыз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңінің басталғандығын жариялады. Және бұл 2017 жылғы Жолдаудың басты тақырыбына айналды.
Табысты жүргізілген екі жаңғыру кезеңінде баға жетпес тәжірибе жинақталды. Енді біз алға қарай Үшінші жаңғыру кезеңіне батыл қадам жасауға тиіспіз.
Бұл жаңғыру – ағымдағы жаһандық мәселелермен күресу жоспары емес, Қазақстан-2050 стратегиясының мақсаттарына жету жолындағы келешекке деген сенімді көпір. Және Ұлт жоспары «100 нақты қадам» негізінде жүргізіледі.
«Сандық Қазақстан» атты жеке-дара бағдарлама әзірлеу және қабылдау тапсырылды. Экономиканы жан-жақты цифрлау тұтас салалардың із-түзсіз жоғалуына және түбегейлі жаңаның құрылуына әкеледі. Біздің көз алдымызда орын алып жатқан ұлы өзгерістер – бұл ұлт үшін тарихи міндет және мүмкіндік.
Жаңғыру тек экономиканы қамтымайды. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы электрондық форматқа көшіріледі. Уақытпен бәсекеге түсу үшін ғылыми әлеует қажет. Оны Елбасымыз барлық жоғары оқу орындары мен "Алатау" технопаркі базасы негізінде дамытуды тапсырды. Жаңа технологиялар дәстүрлі саланы да қамтиды. Ең алдымен, аграрлық секторды. Жолдауда тек мақсаттар қойылмайды, сонымен қатар нақты сандардың, көлемнің және пайыздардың қажетті жиынтығы қойылады. Дәл осы бағдарлар барлық мемлекеттік аппарат ұмтылатын бағыт-бағдарға айналады.
Бұл нақты практикалық істер бағдарламасы, сөзсіз, бүкіл қазақстандықтарға қатысты. 2017 жылдан бастап «Тегін кәсіби-техникалық білім барлығы үшін» атты жаңа жоба бастау алды. Тегін біліммен ең бірінші кезекте жұмыссыздармен өздігінен еңбек етіп жүрген жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ еңбекке жарамды адамдар да қамтылуы тиіс.
Сол себепті ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзінің көп бөлігі әлеуметтік жағдайға арналуы кездейсоқтық емес. Біз білім әлеуетін арттыруға көп қаражат бөлу жоспарланғанына, дәрі-дәрмектердің бағасы реттелетіндігіне қуаныштымыз, ал экономикада жаңа кезеңдер күтілуде: инновациялық өңдеулер мен сандық технологиялар бағаланатын болады, елде, соның ішінде денсаулық сақтау және білім беру аясында 3D-принтинг, онлайн-сауда, ұялы банкинг, сандық сервистер сияқты перспективалық салаларды дамыту қажеттілігі алға қойылады және базалық зейнетақы жаңаша есептелетін болады, т.б.
Бизнестің "көлеңкеден" шығуын ынталандыруға бағытталған салық саясатын өзгерістер күтеді және шикізаттық емес секторда салық базасы кеңейтіледі. Жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режимдерін жаңаша қарастыру қажеттілігі туындайды.
Салықтық әкімшілендіру тетіктерін жақсарту талап етіледі. Ең алдымен бұл қосымша құн салығын өндіріп алуға қатысты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуға үнемдеу болмайды деп мәлімдеді.
Негізгі басымдылықтарының бірі адам капиталының сапасын жақсарту болып табылады. Ол үшін ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс, себебі оны экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны етіп жасау қажет. Оқу бағдарламаларын ойлау дағдыларының қабілетін дамытуға және өз бетімен ақпаратты іздеуге бағыттау қажет.
Сонымен қатар IT-білімді қалыптастыруға, қаржылық сауаттылық пен жастарды патриотизмге тәрбиелеуге көп көңіл бөліну қажет.
Бұл тез өзгеретін әлемде көп нәрсе мұғалімге байланысты. Кәсіби оқытылған қызметкерлерсіз әр түрлі деңгейдегі тиімді басқарушылар болмайды.
Үшінші жаңғыру Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарады және БІЗ, осы жолдауды басшылыққа алып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда міндетті түрде үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз. Ұлт Көшбасшысы көтерген бұл экономикалық дамудың жаңа жаңғыру стратегиялық басымдықтары еркін және гүлденген Қазақстанды құрудағы мақсаттарына жетудің жаңа кезеңі болатындығына еш күмәніміз жоқ.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)