
Түзету салықтық және кедендік әкімшілендіру шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша 2023 жылғы 27 наурыздағы № 10 хаттамасының 1-тармағының негізінде әзірленді.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобымен бірлесіп өткізілген талқылау үлкен аумақтарды бейнебақылаумен жарақтандыру бойынша еркін қоймалардың иелері үшін жоғары қаржылық шығынды көрсетті.
Осыған байланысты бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандыру туралы талапты 10 (он) мың шаршы метрден астам еркін қойма алаңы бар еркін қоймалар үшін алып тастаған жөн.
Бірлескен бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 11 мамырда https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14553558 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Бірлескен бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 25 мамырға дейін.