Жарияланған күні: 13.04.2022 13:46
Өзгертілген күні: 13.04.2022 13:48

 Салық кодексінің 1-бабының 72-1-тармағына сәйкес үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (бұдан әрі-ҮҚИЖ) – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

Бұдан ҮҚИЖ банк карточкалары арқылы, оның ішінде QR-код арқылы сатып алушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүргізу кезінде қолданылады.

Есеп айырысулар қолма-қол ақшасыз нысанда бір банктік шоттан екінші банктік шотқа (төлем тапсырмасын пайдалана отырып және т.б.) аудару арқылы жүзеге асырылған жағдайда БКМ қолдану талап етілмейді, тиісінше жоғарыда көрсетілген айналымдар ҮҚИЖ пайдаланылатын айналымдарға жатпайды.

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң)              25-бабының 5-тармағына сәйкес қолма-қол ақшамен төлемдi жүзеге асыратын тұлғаның заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар және (немесе) монеталар түріндегі қолма-қол ақшаны осы тұлғаның ақшалай міндеттемесі бар тұлғаға нақты беруі болып табылады.

Заңның осы бабының 7-тармағында Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен және шетел валютасымен төлем құралдары негізінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Заңның 1 - бабының 55-тармақшасына сәйкес төлем құралы - ақша аударымы соның негізінде немесе ол пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын төлем құжаты немесе электрондық төлем құралы болып табылады.

Заңның 1 - бабының 51-тармақшасымен төлем карточкасы - ұстаушысына электрондық терминалдар немесе басқа байланыс арналары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға не қолма-қол ақша алуға не валюталарды айырбастауды және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған электрондық төлем құралы болып анықталған.

Осылайша, POS-терминалдарды қолдана отырып төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемдер қолма-қол ақшасыз төлемдерге жатады.

Салық кодексінің 683 - бабының 2-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық кезеңі үшін табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК-тің 24 038 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген табысқа төмендегі кірістер қосылмайды дара кәсіпкер үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карточкаларын пайдалана отырып, Pos-терминалдарды қолдана отырып) арқылы алған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшерінен аспайды.

Осылайша, шекті 70 048 АЕК шегінде ұлғайту ҮҚИЖ міндетті түрде қолданумен төлем карточкаларын (Pos-терминал) пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте шекті ұлғайту қолма-қол нысанда, сондай-ақ бір банктік шоттан екінші банктік шотқа (төлем тапсырмасын пайдалана отырып және т.б.) аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілген есеп айырысуларға таралмайтынын атап өткен жөн.

Сондай-ақ ҮҚИЖ қолдану ерікті сипатқа ие екенін және ҮҚИЖ қолдану үшін Салық кодексінде өзге шарттар көзделмегенін хабарлаймыз.