
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
2017 жылдың 11 – 13 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (ҚР ҚМ МКК) Оқу-әдістемелік орталығымен (ОӘО) қашықтықтан оқыту нысанында «Мемлекеттік басқарудағы ақпараттық технологиялар» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру шеңберінде өтті және де толық көлемде Microsoft Office PowerPoint, Zoom және Google sketch up бағдарламалары қаралды.
ҚР мемлекеттік кіріс органдарының мақсаттарының бірі мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттық-байланыс технологиясы аумағында мемлекеттік қызметте ашықтықты, біліктілікті, компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық мәдениетті сақтап қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.
Оқу барысында оқытушы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Қашықтықтан оқыту және ақпараттық технология бөлімінің мамандары болды; оқу үрдісі кезінде ақпараттық негіздері, техникалық және бағдарламалық ақпараттық үрдістің іске асуы, компьютерлік желі, алгоритімдер және бағдарламалау негіздері қаралды. Microsoft Office қосымшалары егжей-тегжейлі қаралды: Word-тың мәтіндік процессірі, Excel-дің кестелік процессірі, Access деректер қорын басқару жүйесі, PowerPoint презентацияларын әзірлеу бағдарламасы және Инфографика (Prezi, Xmind).
ОӘО қашықтықтан оқыту порталында ҚР аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының барлық тыңдаушыларына көрсетілген курс бойынша электрондық оқу материалдары (лекция, слайд және т.б.) қолжетімді екенін айта кетеміз.
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде көрсетілген тақырып бойынша бейнеконференция өтті.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)