
Оқу-әдістемелік орталық Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп, 2023 жылғы 15-17 ақпанда Шығыс Қазақстан, Абай, облыстарының қызметкерлері үшін «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында арнайы курс өткізді.
Арнайы курстың мақсаты - 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №178 «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚРЗ түсіндіру.
Бұл курсқа оңалту және банкроттық мәселелерімен тікелей айналысатын аумақтық МКО-ның 42 қызметкері қатысты.
Сондай-ақ, аталған семинарға «Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕ АҚ 7 қатысты, өйткені жеке тұлғалардың банкроттығын тану туралы өтініштер КЕ АҚ автоматтандырылған жүйесінде жүзеге асырылатын болады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай – ақ соттан тыс және сот банкроттығы рәсімін, оларды спикерлер ретінде өткізудің тәртібі мен шарттарын түсіндіре отырып: М.К. Сисембаева – МКК ДА Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, Л.Т. Касымкулова - ОӘО басшысының орынбасары, А.Б. Рахметова. - МКК Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы.
Бағдарламаға сәйкес, курстың бірінші күні Шығыс Қазақстан облысы МКБ базасында ШҚО, Абай облыстарының МКО қызметкерлеріне оқыту өткізілді.
Курстың екінші күні Өскемен қаласының тұрғындарымен 220 адам қамтылған кездесу ұйымдастырылды.
Курстың үшінші күні Семей қаласында 420 адам қамтылған халықпен кездесу ұйымдастырылды.
Осылайша, көшпелі кездесулер қорытындысы бойынша ЖТБ бойынша жұмыс тобы ауқымды жұмыс жүргізді: ШҚО МКО-ның 42 қызметкері кәсіби біліктілігін арттырды (ХҚКО-ның 7 маманы), үш жұмыс күні ішінде Өскемен, Семей қалаларының тұрғындарымен 640 адамды қамтумен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Спикерлер ЖТБ бойынша заңнаманы толық және көлемді форматта түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына толық жауаптар берді.
Фото және видео түсірілім әлеуметтік желілерде ШҚО және Абай облыстары бойынша МКД, және ОӘО ресми беттерінде жарияланды.