
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
«Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізілді
2018 жылдың 24-26 желтоқсаны аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының базасында «Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу» тақырыбына қашықтықтан семинар өтті.
Қашықтықтан семинарды өткізу мақсаты жалпыға бірдей декларациялауды енгізу мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мамандарына салық заңнамасының нормаларын түсіндіру болып табылады, семинарға аумақтық және аудандық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Түсіндіруді:
- Кусаинова Дина Кабдылманаповна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің Жалпыға бірдей декларациялау басқармасы басшысының орынбасары;
- Мурзахметова Айжан Кушербаевна - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің Жалпыға бірдей декларациялау басқармасының бас сарапшысы жүргізді.
Семинар барысында қатысушылармен 2020 жылы жалпыға бірдей декларациялауға жататын тұлғалардың тізбесі бойынша, түрі, декларацияны ұсыну уақыты, активтер және міндеттемелер, табыстар және мүліктер (жыл сайынғы) декларацияларда көрсетілуге міндетті ақпарат, қосымша салық шегерімдері, салықтық бақылаудың әдістері және жалпыға бірдей декларациялау саласындағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, алдын ала толтырылған жеке тұлғалардың табыстары және мүлкі туралы декларацияны E-gov.kz «Электрондық үкімет порталында» электрондық түрде тапсыру мүмкіндігі ұсынылды.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскерлер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)