Жарияланған күні: 27.08.2022 18:03
Өзгертілген күні: 27.08.2022 18:05

2022 жылғы 24 – 26 тамыз аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Жолаушылар профайлингі» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің есірткі түрлерін анықтауда профайлинг әдістемесін қолдану саласындағы құзыретін жетілдіру, профайлингті ұйымдастыру, профайлер жұмысының ерекшеліктері.

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

25 тамыз күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін ZOOM арқылы дәріс оқылды.

Дәріскер ретінде:

- Ктанов Ермек Советкажиевич – ҚР ҚМ МКК ОӘО Персоналдарды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 52 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.