Жарияланған күні: 27.08.2022 18:31
Өзгертілген күні: 27.08.2022 18:33

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституция күнін атап өтуіне қатысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.