Жарияланған күні: 05.02.2023 01:55
Өзгертілген күні: 05.02.2023 01:57

Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.

«Темекі өнімдерінің өндірісін және (немесе) импортын жүзеге асыратын тұлғалар темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыруды бастағанға дейін темекі өнімдеріне ДСН-кодтарын беру қағидаларында айқындалған тәртіппен өтінімді жіберуге міндетті» 11-бабының 3 тармағын «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Жобаны әзірлеу енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісін Заң нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүргізілді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Іске асырудың мақсаты «Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығының күші жойылды деп тану.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. http://legalacts.egov.kz).

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 16 ақпан.