Жарияланған күні: 06.03.2023 13:21
Өзгертілген күні: 06.03.2023 13:25

           Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрығының жобасын әзірледі.

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті банктердің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі), 24-бабына сәйкес көзделген міндеттерді орындауы мақсатында банктерге тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер туралы ақпарат береді.

         «Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрық Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына, сондай-ақ уәкілетті органның тарату электрондық мекенжайының өзгеруіне байланысты сәйкестікке келтірілді.