Жарияланған күні: 31.07.2023 16:45
Өзгертілген күні: 31.07.2023 16:49

      Комитет қызметкерлері 2023 жылғы 26-27 шілдеде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен "Парадная Ассамблея" Санкт-Петербург халықаралық дағдарысқа қарсы конгресіне қатысты.

      Іс-шараға Әзербайжан Республикасы Экономика Министрлігі жанындағы экспорт пен инвестицияларды ынталандыру агенттігінің, Беларусь Республикасы Экономика министрлігі санация және банкроттық департаментінің, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы экономикалық сотының өкілдері қатысты.

      Қазақстаннан Делегация Комитеттің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Меруерт Сисембаевадан, Комитеттің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Айнара Рахметовадан, сондай-ақ «Жетісу» банкроттық рәсімдеріндегі кәсіби басқарушылар одағы" РҚБ әкімшілерінен тұрды.

      М. Сисембаева пленарлық отырыста комитет басшылығы атынан құттықтау сөз сөйледі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банкроттық институты» тақырыбында баяндама оқыды.

      Форум барысында банкроттықтың келесі проблемалық мәселелері талқыланды: «Борышкердің мәмілелеріне дауласу және мәмілелерге дауласпағаны үшін басқарушының жауапкершілігі», «Банкроттық рәсімінің барысын кредиторлық бақылау», «Борышкер туралы ақпарат пен құжаттарды жинау жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру процесіндегі басқарушының проблемалары. Оларды шешу тәсілдері», «Борышкердің лауазымды тұлғасын субсидиарлық жауапкершілікке тарту кезіндегі басқарушының пайыздық сыйақысы», «Борышкердің кредиторларынан банкроттықтағы залалдарды өндіріп алу», «Борышкерлердің ынтымақтастығы кезінде сауда-саттықтан басқарушының субсидиарлық жауапкершілік жөніндегі талаптардың құқықтарын іске асыруы», «Банкроттық рәсімдерінде салық төлеудің негізгі проблемалары, банкроттық рәсімдерінде ҚҚС салық салу ерекшеліктері», «Өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ұлттық бірлестіктің рөлі», «Мұрагерлік мүлікті борышкердің конкурстық массасына қосу мәселелері», «Банкроттық рәсімдеріне қатысушылар мен борышкерлердің мүлкін сатып алушылармен тиімді ақпараттық өзара іс-қимыл құралдары», «Банкроттық кезіндегі цифрлық активтер», «Қарызды қайта құрылымдауға жәрдемдесу қорының медиативтік функциялары – бизнесті сақтау жолы», «Банкроттықтағы медиация, сын-қатерлер мен мүмкіндіктер», «Ойдан шығарылған меншік иелері: мүлікті конкурстық массаға қалай қайтаруға болады?», «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы істерде үлестес кредиторлардың талаптарын реттеуге жол бермеу туралы».

     Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша оңалту және банкроттық саласындағы қолданыстағы заңнамаға мынадай: әкімшілердің мәртебесін айқындау, кәсіптік стандарттарды бекіту; оңалту және банкроттық саласындағы өзін-өзі реттеу институтын дамыту; борышкердің лауазымды адамдарын субсидиарлық жауапкершілікке тарту кезінде әкімшілерге әкімшілік шығыстардың орнын толтыруға мүмкіндік беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау болжанады.