
2023 жылдың 27 қазанында сағат 14:30-де «Uchet.kz» платформасының алаңында «Тәуекелдерді басқару жүйесі және ЭШФ АЖ-дағы биометриялық сәйкестендіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сұрақтарға жауап береді» тақырыбында вебинар өтеді.
Спикерлер:
Сүлейменов Ануар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;
Мусин Мұратбек – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры;
Мұстафин Ержан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Цифрландыру департаменті Өтпелі мониторинг басқармасының басшысы;
Балакешова Айжан – салық сарапшысы.
Модераторлар:
Барышев Максим – «Учёт» компаниясының негізін қалаушы, Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің төрағасы;
Тлеумуратов Юрий – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ҰКП Бухгалтерлер клубының Үйлестіру кеңесінің төрағасы.
Спикерлер мынандай сұрақтарға жауап береді:
- Салықтық бақылау кезінде ТБЖ қалай жұмыс істейді?
- Салық төлеушілерді бағалауда қандай критерийлер негізге алынады?
- Белгілі бір тәуекел деңгейін тағайындауға не әсер етеді?
- Шағын бизнеске қандай критерийлер қойылады?
- Тәуекелдің жоғары дәрежесін берудің қате екенін қалай дәлелдеуге болады?
- Қандай критерийлер құпия болып саналады?
- Неліктен биометрия ЭШФ АЖ-да енгізіледі?
- Көптеген бухгалтерлер қашықтан жұмыс істейді, басшылары басқа қалаларда тұрады - бұл жағдайда ЭШФ АЖ-да биометриялық сәйкестендіруден қалай өтуге болады?
- Қызметінде 10-12 компания бар аутсорсингтік компаниялар үшін ЭШФ АЖ-де биометриялық сәйкестендірумен не істеу керек?
Сондай-ақ, аталған тақырыптар бойынша спикерлерге сұрақтар қоюға мүмкіндік болады.
Вебинарға қатысу тегін.
Қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://uchet.kz/webinar/freevideoseminars/live/909197/uchet_webinar_27102023/