Жарияланған күні: 09.02.2018 14:46
Өзгертілген күні: 09.02.2018 14:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылдың 8 ақпанында Мемлекеттік кірістер комитетінде «Жалпы қабылданған рухани – этникалық  нормалары және мемлекеттік қызметкерлердің рухани-этикалық келбетінің негізгі талаптары, сонымен қатар олардың мінез-құлқының базалық стандарты» тақырыбындағы инструктивті дәріс өткізілді.

Дәрісте этикалық кодекс нормаларын сақтау талаптары бойынша, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің рухани-этикалық келбетінің талаптарын орындау мәселелері айтылды.

Негізгі этикалық талаптар туралы баяндамамен шыққандар:

Қаржы министрлігінің этика бойынша уәкілеті – Төлеген Жұмабекұлы Ташмағамбетов;

Мемлекеттік кірістер комитетінің этика бойынша уәкілеті – Қайрат Үргенішбайұлы Маубаев.

«Ішкі қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Қуаныш Жұмағалиұлы Ахметқалиев баяндама жасады.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)